«Самұрық-Қазына» АҚ және Қытай халықаралық сауданы қолдау жөніндегі комитеті ҚҚІК аясындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

«Самұрық-Қазына» АҚ және Қытай халықаралық сауданы қолдау жөніндегі комитеті ҚҚІК аясындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

720

15 Наурыз 2024

«Самұрық-Қазына» АҚ-да Қор басшылығы Қытай халықаралық сауданы қолдау жөніндегі комитетінің және Қытайдың ірі компаниялары – China Petroleum Technology and Development Corporation, China Communications Services International Limited, China National Chemical Engineering Group өкілдерімен кездесті.

ҚХР делегациясын Қытай халықаралық сауданы қолдау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Чжан Шаоган бастап келді. Тараптар Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің (ҚҚІК) шеңберінде екі ел арасындағы сауда-саттық және экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

1231231202.jpg


Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов атап өткендей, Қор мен Қытай халықаралық сауданы қолдау жөніндегі комитеті ҚҚІС аясында 10 жылдан астам уақыт белсенді жұмыс істеп келеді. Кеңес Қазақстан және Қытай бизнес ортасы үшін ашық пікір алаңы болып табылады.

Сонымен қатар, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті жандандыруға бағытталған.

Жиын соңында Жақыпов ҚҚІК құрылымында Шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі комитет құруға ұсыныс жасады. Бұл өз кезегінде кеңес жұмысының ауқымын кеңейтуге және ұйымға жаңа мүшелерді тартуға септеседі.

Қытай – Қазақстан экономикасындағы ең ірі бес инвестордың бірі саналады. Жалпы инвестиция көлемі 23 млрд. АҚШ долларынан асады. Қор компаниялар тобы ҚХР-дың мұнай-газ, энергетика, телекоммуникация және басқа да саладағы компанияларымен әріптестік қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді.


«Самұрық-Қазына» АҚ қызметі туралы ақпараттарды қордың ресми парақшасынан оқи аласыз @samrukkazyna_official