Боао Азиялық форумы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Су шаруашылығы және энергетика бойынша халықаралық корпорациясының (CWE) басшылығымен кездесті.
1508
28 Наурыз 2024
Тараптар Қазақстандағы алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын* салу жобасы аясындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Наурыз айының басында ГАЭС салу үшін «Самұрық-Энерго» мен CWE тиісті келісімге қол қойған болатын.
Сондай-ақ, Нұрлан Жақыпов CRRC Group вице-президенті Ю Вэйпинмен кездесті.
China Railway Rolling Stock Corporation – әлемдегі ең ірі теміржол көлігін өндіруші компания. 2024 жылғы ақпанда «Самұрық-Қазына» және CRRC Corporation Limited өзара ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Бұдан бөлек, CRRC компаниясы ҚТЖ-мен жұмыс аясында Қазақстан аумағында теміржол жылжымалы құрамына сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастырады деп жоспарлануда.
Кездесуде қор CRRC-мен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.
*ГАЭС – электр жүктемесінің тәуліктегі біркелкі емес кестесін теңестіру үшін қолданылатын гидроэлектростанция
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асыр...
{{ $t('messages.news1') }}
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңес...
{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов AZCON Holding басшылығымен кездесті