«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Кореяның халықаралық сауда қауымдастығының төрағасы Юн Чжин Шикпен (KITA) кездесті.
891
12 Маусым 2024
Кореялық тараптан - KITA, қазақстандық тараптан – Қор Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінде теңтөрағалық етеді. Ертең Астанада екі елдің 500-ге жуық бизнес өкілінің қатысуымен бизнес-форум форматында кеңестің 13-ші отырысы өтеді.
Кездесу аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат үнемі өзгеріп отыратын әлемдік экономика мен сауда ортасына сәйкес әр 5 жыл сайын Іскерлік кеңестің мақсаттары мен іс-қимыл жоспарын қайта қарастыруды көздейді.
![]()

Нұрлан Жақыпов келісімге қол қоюшы тараптардың экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға, жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға және тұрақты өсімді қамтамасыз етуге міндеттеме бекітетінін атап өтті.
KITA – Кореяның халықаралық сауда қауымдастығы, онда 73 мыңнан астам мүше-компания бар. KITA корей компанияларына бүкіл әлем бойынша мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарымен жаһандық сауда желілерін құру арқылы сыртқы нарыққа шығуға көмектеседі.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Энергетиктер күніне орай сала мамандары марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
Қарағандыдағы жаңа орталық аутизмі бар балалардың бейімделуі мен дамуы...
{{ $t('messages.news1') }}
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына енді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ре...