Қазақстан-Корея бизнес-форумының қорытындысы бойынша $430 млн асатын 23 құжатқа қол қойылды

Қазақстан-Корея бизнес-форумының қорытындысы бойынша $430 млн асатын 23 құжатқа қол қойылды

567

12 Маусым 2024

Астанада Қазақстан мен Корея басшыларының қатысуымен Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесінің 13-ші отырысы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен 11-13 маусым аралығына Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Отырыс бизнес-форум форматында өтті. Жиынға 500-ден астам қатысушы, соның ішінде 50 ірі кореялық компаниялар қатысты. Жалпы құны $430 млн асатын 23 екіжақты құжатқа қол қойылды.


Корея көшбасшысының сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы барлығы 5 құжатқа қол қойды:

- Қазақстанда аралас циклді газ турбиналық қондырғылары, жылу мен электр энергиясын аралас өндіру жобалары саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім («Самұрық-Қазына» АҚ – Doosan Enterbility);

- Мұнай-газ және мұнай-химия саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу туралы құжат («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – Hyundai Engineering);

- Түтін газдарын тазалау саласындағы инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы меморандум («Самрук-Энерго» АҚ – Doosan Enerbility – KEPCO Plant Service and Engineering);

- Маңызды пайдалы қазбаларды жеткізу тізбегін дамыту және қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық туралы меморандум (ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ - KIGAM - SK Ecoplant);

- Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесі шеңберінде Кореяның халықаралық сауда қауымдастығымен (KITA) ынтымақтастық туралы келісім.