«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Әзербайжан Республикасының экономика министрі, Azerbaijan Investment Holding бақылау кеңесінің мүшесі Микаил Чингиз оглу Джаббаровпен бірлескен инвестициялық қорды басқару бойынша келісімге қол қойды.
1728
03 Шілде 2024
Салтанатты рәсімде Қазақстан және Әзірбайжан президенттері қатысты.
Қол қойылған құжат – «SK-AIH Investment Fund Ltd.» бірлескен қорын басқарудың негізгі шарттарын бекітуге арналған акционерлік келісім. Айта кетерлік жайт, бұл ынтымақтастық Қазақстан және Әзірбайжанның екіжақты қарым-қатынасы үшін стратегиялық сипатқа ие.
Қазақстан-Әзірбайжан инвестқорының қызметі екі ел экономикасының түрлі секторларына инвестициялар жұмылдыруға, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға арналған инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Әзербайжанда «Самұрық-Қазына» АҚ және Azerbaijan Investment Holding бірлескен кәсіпорын құруды көздейтін стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын. Биыл 27 маусымында «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында «SK-AIH Investment Fund Ltd.» бірлескен қоры тіркелді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...