«Қазатомөнеркәсіптің» шетелдік әріптестері тасқыннан зардап шеккен өңірлерге 854 млн теңге қаражат бөлді
683
04 Шілде 2024
Қор компаниялары тобының әріптестері өңірлерді қалпына келтіру үшін қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастыруда.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның шетелдік әріптестері «Samruk-Kazyna Trust» қорына 854,4 млн теңге аударды, оның ішінде 707 млн 930 мың теңге – «Росатом» компаниялары тобына кіретін «Uranium One» компаниясынан, 147 млн теңге – Оrano француздық мемлекеттік компаниясынан.
Қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес бұл қаражат зардап шеккен өңірлерде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.
Айта кетейік, бүгінде Қор компаниялары тобының ірі серіктестері мен еншілес кәсіпорындары (Cameco, Marubeni, CGN, «KMG RomPetrol», «Азия газ құбыры», «Uranium One», Оrano) 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде 22 млрд теңге бөлген болатын.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» донор күні өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің жаңа кезеңі: «Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol мемора...
{{ $t('messages.news1') }}
Қордың қоғамдық кеңесінде «Қазақтелекомның» негізгі көрсеткіштері мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы д...