Қазақстанда жаңа пошта маркалары айналымға енгізілді
351
10 Шілде 2024
«Қазпошта» АҚ «Мемлекет саясаты» сериясынан «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдық мерейтойына арналған марканы таныстырды. Мерейтойлық маркаға белгі қою рәсімі Қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованың қатысуымен өтті.
Марка Қазақстанның тарихи дәстүрлерін бейнелейтін сақ өрнектерімен безендірілген. Дәл ортасында «Самұрық-Қазына» АҚ логотипі мен өмір, күш-жігер мен жаңғыруды айшықтайтын символ – самұрық аңыз құсы бейнеленген.
Марканың дизайнері «Самұрық-Қазына» қоры – Қазақстан ұлттық экономикасының «жүрегі» екендігін, одан «тіршілік тамырлары» секілді мемлекеттік маңызы бар компаниялар таралатынын көрсетуге тырысқан.
«Самұрық-Қазына» АҚ - активтері 81 миллиард доллардан асатын тәуелсіз әл-ауқат қоры.
«Самұрық-Қазына» қорына қарасты портфельдік компаниялар мұнай-газ, көлік және логистика, байланыс, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, химия өнеркәсібі секілді стратегиялық маңызды салаларда жұмыс істейді.
Қордың басты міндеті – корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері негізінде портфельдік компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру.
Сонымен қатар, Қор елге тікелей шетелдік инвестициялар тартуда басты катализатор саналады. Қор Қытай, АҚШ, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ресей, Италия, Катар, Франция секілді өзге де елдердегі серіктестерімен бірлесіп, ірі жобаларға инвестиция салады.
Шығарылған маркалардың жалпы таралымы 16 000 дана, номиналы 750 теңгені құрайды. Мерейтойлық марка «Қазпошта» бөлімшелерінде қолжетімді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-да отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстарды...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Атамекен» ҰКП Президиумының т...
{{ $t('messages.news1') }}
2022 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі 7 ...
{{ $t('messages.news1') }}
Топ бойынша ОТӨ-ні қолдау: сатып алу көлемі бойынша жетекші компанияла...