«Самұрық-Қазына» қоры жастар кеңесінің бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады
841
13 Шілде 2024
Биыл Қордың жас мамандары төмендегі шараларға белсенді қатысты:
- Қазақстан өңірлеріндегі тасқын судын салдарын жою,
- «Charity Samruk Marathon-2024» қайырымдылық жарысына қатысу (Астанадағы 5 мектепте инклюзияны қолдайтын сыныптар ашуға 125 млн. теңгеден астам қаражат жиналды).
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов атап өткендей, Қордың кадр саясатында адами капитал басты басымдыққа ие.
Бүгінгі таңда компаниялар тобында 35 жасқа дейінгі 80 мыңнан астам маман жұмыс істейді.
Қор жастары Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда.
Қорда «Таза Қазақстан сенен басталады» экологиялық челленджі өткізілуде.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін Қорға қарасты еншілес және тәуелсіз ұйымдардың 100-ге жуық қызметкері Алматыда плоггинг ұйымдастырды. Бұл Қазақстанда кеңінен танылып келе жатқан жаңа тренд – жүгіру кезінде қоқыс жинау.
Осылайша, қор қызметкерлері «Үлкен Алматы» өзенінің жағасын қоқыстан тазалап шықты.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Samruk Swim Team» құрамасын жүзуден турнир...
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...