«Самұрық-Қазына» әріптестерімен бірге digital-саладағы инклюзивті жастар лагерінің жұмысын бастады
1244
15 Шілде 2024
Астанада «OrleTECH 3.0» қайырымдылық жобасы аясында Soft skills лагерінің ашылуы өтті. Шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және «Шелл Қазақстан» компаниясының Коммерциялық мәселелер жөніндегі бас директоры Валари Ку қатысты.
Лагерьде 18-35 жас аралығындағы даму ерекшеліктері бар жастар digital-саладағы түрлі бағыттарды оқып, мамандық алып шығады.

Барлығы 90-ға жуық адам Қазақстанның үш қаласында білім алады.
Жоспарланған мамандықтардың қатарында AI-маман (ЖИ-мен жұмыс), no code - әзірлеуші, motion дизайн, UI / UX + WEB бар.
Оқу соңында жобаларды қорғау және курсты өткендігін растайтын сертификаттар табысталады. Ұйымдастырушылар тарапынан жұмысқа орналасуға, сондай-ақ қолдау және тәлімгерлік көмектер көрсетіледі.
Айта кетейік, «OrleTECH 3.0» жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...