«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің (USKZBC) шеңберінде АҚШ Сауда палатасының өкілдерімен кездесті.
1352
24 Шілде 2024
Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Нұрлан Жақыпов кездесу барысында «Самұрық-Қазына» - активтері 81 миллиард доллардан асатын тәуелсіз әл-ауқат қоры екенін атап өтті. Қордың портфельдік компаниялары мұнай-газ, көлік және логистика, байланыс, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, химия өнеркәсібі секілді өзге де стратегиялық маңызды салаларда жұмыс істейді.
Айта кететін жайт, Қор елімізге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда басты катализатор саналады және АҚШ, Сауд Арабиясы, БАӘ, Италия, Катар, Франция және өзге де елдердегі серіктестерімен бірлесіп, ірі жобаларға инвестиция салады.
АҚШ Сауда палатасы – әлемдегі ең ірі ұйым. Оның құрамына 3 миллионнан астам компания, жекелеген штаттардағы 3 мыңға жуық сауда палатасы, 830 қауымдастық және шет елдердегі 111 американдық сауда палатасы кіреді.
Қазақстан-Америка іскерлік кеңесі (USKZBC) – Қазақстанмен ынтымақтастық жасауға қызығушылығы бар компаниялар үшін құрылған америкалық іскери алаң.
Оның құрамына 27 мүше кіреді.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...