«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов американдық EPAM Systems Inc компаниясының өкілдерімен кездесті
1128
25 Шілде 2024
Тараптар IТ -платформаларды, «бұлттық шешімдерді», AI-шешімдерді әзірлеу, ескірген IТ -жүйелерді жаңғырту және Agile және DevOps-тәжірибесіне IТ –мәдениетін енгізу бойынша бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндіктерін талқыланды.
Нұрлан Жақыпов бұл қадам Қазақстанда ауқымды жергілікті IT-ойыншыны қалыптастыруда үлкен серпіліс әкелетінін атап өтті.
EPAM Systems Inc. - америкалық IT-компания, штаб-пәтері Пенсильвания штатындағы Ньютаун қаласында орналасқан.

EPAM Systems қызметінің негізгі бағыттарына ірі кәсіпорындарға арналған жүйелерді әзірлеумен қоса, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және мобильді қосымшалар мен бағдарламалық жасақтаманы құру және қолдау арқылы инженерлік қызмет көрсету, сондай-ақ стратегиялық консалтинг және цифрлық трансформацияларды енгізу, «бұлттық шешімдер» және жасанды интеллект түріндегі цифрлық платформаларды әзірлеу және интеграциялау, бизнес-процестерді автоматтандыру кіреді.
Компанияның стратегиясы жаһандық нарыққа қатысуды одан әрі кеңейтуге бағытталған.
Жоғары технологиялық компаниялардың акцияларына мамандандырылған Nasdaq американдық қор биржасында тіркелген, нарықтық капиталы - 12 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Компанияның штатында әлемнің 35 елінде жұмыс істейтін 50 мың қызметкер бар.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Газ саласы дамуда: QazaqGaz нәтижелері мен жобалары туралы есеп берді
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы АҚШ-та C5+1 бизнес-конференциясында сөз сөйле...