«Самұрық-Қазына» қорында жарты жылдың ішінде өндірістік жарақаттану деңгейі 31%-ға төмендеді
2134
07 Тамыз 2024
Қорда компаниялар тобының басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша өндірістік қауіпсіздік жөніндегі кеңес өтті. Барлық портфельдік компаниялардың басшылары баяндама жасады.
Нұрлан Жақыпов өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – басшылар мен жұмыскерлердің қауіпсіздік мәдениетінің жеткілікті деңгейде болмауына байланысты екенін түсіндірді. Қор басшысы өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұзуға нөлдік төзімділік танытуға шақырды.

2024 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде жалпы зардап шеккендер санының азаюы 31%-ды құрағанын атап өтеміз.
Бұл ретте, Қорда Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі 2024 жылға арналған жоспар және Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған стратегиясы орындалады. Олардың орындалуы портфельдік компаниялардың бірінші басшыларының жеке бақылауында.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Газ саласы дамуда: QazaqGaz нәтижелері мен жобалары туралы есеп берді
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы АҚШ-та C5+1 бизнес-конференциясында сөз сөйле...