Астанада Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
1573
23 Тамыз 2024
Отырыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қызметінің нәтижелері қаралды.
Samruk-Kazyna Construction басшысы Мәулен Айманбетов ұлттық жоба аясында салынған алғашқы мектептер биылғы оқу жылының басында пайдалануға берілетінін жеткізді.
Құрылыс жұмыстарының сапасын техникалық қадағалау мамандары қатаң бақылайды, олар тікелей нысанда болып, e-Qurylys жүйесі арқылы есеп беріп отыр.
Қоғамды толғандырған басты мәселелердің бірі мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету болған еді.

Спикерлер оқу орындарында бейнебақылау камералары мен ғимаратқа кіруді бақылайтын және басқаратын арнайы жүйелер орнатылғанын атап өтті.
Шараға Қор басшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, ҰКП және Білім министрлігі өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері мен қатысушылары спикерлерге өз сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...