«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2023 жылғы тұрақты даму саласындағы есебі жарияланды

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2023 жылғы тұрақты даму саласындағы есебі жарияланды

1528

27 Тамыз 2024

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) 2016 жылдан бастап жыл сайын барлық мүдделі тараптарға ашық және айқын ақпарат беру тәжірибесін жалғастыра отырып, Тұрақты даму саласындағы есепті жариялап келеді.

Есеп тұрақты даму саласындағы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленіп, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі бекітті және Есепте ұсынылған ақпараттың сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ететін аудиторлық компанияның тәуелсіз куәландыру рәсімінен өткен.

Есеп Қордың Қазақстанның экономикалық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесінен назар аударып, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі қызмет туралы ақпаратты олардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы тұрғысынан ашып көрсетеді.                   2023 жылғы есепке бірқатар маңызды жаңашылдықтар енгізілді. Алғаш рет Sustainability Accounting Standards Board (SASB) стандарттары қолданылып, портфельдік компанияларының салалық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік берді. Есеп GRI Services қызметінің тексеруінен сәтті өтіп, GRI Services Content Index қызметінің түпнұсқалық белгісін алды.

 «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2023 жылғы тұрақты даму саласындағы есебімен ішкі сайтында таныса аласыз.