Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған оқыту лагері басталды
666
31 Шілде 2024
Екі күн ішінде 8 өңірден келген 40 қатысушы коммуникативтік, көшбасшылық дағдыларды және басқа да негізгі кәсіби құзыреттерді меңгереді. Аталмыш оқу лагері 15-16 шілдеде Астанада өтті.
Оңтүстік астанадағы лагерь ашылуына «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева, Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков, «Шелл Қазақстан» әлеуметтік мәселелер жөніндегі талдаушысы Әлия Ибадильдина қатысты.
Лагерь «Samruk-Kazyna Trust» жүзеге асыратын «OrleTECH 3.0» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.
Екікүндік soft skills тәмамдалғаннан кейін 180 қатысушы AI-маман, no code әзірлеуші, UI/UX + Web-шебер сынды үш бағыт бойынша үш айлық онлайн оқуға кіріседі. Қатысушыларға жұмыс орнын табуға қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қордың компаниялар тобына 100-ден астам ерекше қажеттілігі бар азамат жұмысқа тұрды.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...