«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (КПО) кен орнына жұмыс сапармен барды
1414
19 Тамыз 2024
Қор басшысы жұмысшылардың еңбек жағдайларымен танысып, ұжымджы қазақ мұнайының 125 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Нұрлан Жақыпов Қарашығанақ жобасы – ел экономикасы дамуының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтті. Жоба мұнай мен газ өндірудің едәуір үлесін қамтамасыз етеді және ұлттық экономиканың дамуына айтарлықтай үлес қосады.
Сонымен қатар, жұмыс орындарын ашуды, инфрақұрылымды дамытуды және аймақтағы өмірді жақсартуды қамтамасыз етеді.
6 қыркүйекте КПО-да газды кері айдаудың бесінші компрессорын (қабаттық қысымды ұстап тұру және қабаттың мұнай беруін арттыру мақсатында) пайдалануға беруді жоспарлап отыр, әзірге ол сынақ режимінде жұмыс істеуде.
5 және 6 компрессорларды іске қосу мұнай мен газ өндірудің тұрақты көлемін жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.
Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты экономикалық дамуы үшін өте маңызды.
Қарашығанақ мұнай кен орны – әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі саналады. Оның қоры 1,7 млрд тоннадан астам мұнай мен 1,7 трлн текше метр газға дейін бағаланады.
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы ҚХР делегациясымен кездесті