«Самұрық-Қазына» АҚ және Paryz Қазақстанның жұмыс берушілер конфедерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
786
04 Қыркүйек 2024
«Самұрық-Қазына» қоры Paryz жұмыс берушілер конфедерациясының құрамына енген жаңа ұйым атанды.
Келісімге Қазақстанның ұлттық жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясының съезінде қол қойылды.
Съезд қатысушыларына Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбо және Қордың корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғанов сөз сөйледі.
Ғибрат Ауғанов әріптестеріне әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында атқарылған жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қызметкерлерді ашық түрде жұмысқа қабылдау жүргізетін Qsamruk.kz бірегей рекрутингтік платформасының жұмысымен таныстырды.
Еңбекке әділ ақы төлеу, қызметкерлердің еңбек жағдайларына және әлеуметтік жеңілдіктерге қанағаттануы мәселесіне тоқталды.
«Біз омбудсмендерді, медиаторларды оқытып, Кәсіподақ белсенділері мектебін жүргіземіз. Компаниялар тобының Жастар қанатын дамыту бойынша ауқымды бағдарлама жолға қойылған.
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп «Адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық»(Human rights due diligence) рәсімін енгізудеміз. Түрлі деңгейдегі әйел-басшылар санын ұлғайтып, гендерлік саясат жүзеге асырылуда», - деді Қордың басқарушы директоры.
Қатысушылар Қордың елдегі ең ірі жұмыс беруші ретіндегі маңызды жетістіктерін атап өтті.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Samruk Swim Team» құрамасын жүзуден турнир...
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...