2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды
3298
05 Қыркүйек 2024
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аударып, жұмыс берушілерді мамандардың қоғамда мәртбесін көтеруге шақырды.
Президенттің айтуынша, жұмысшы мамандықтар жылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал етеді.
«Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді», деп атап өтті президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ тобында 255,4 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде 237,8 мыңы өндіріс ошағында, ал 17,6 мыңы әкімшілік қызметкер болып еңбек етеді.
Адамдар - Қордың негізгі ресурсы және құндылығы.
Желі мамандары, теміржолшылар, мұнайшылар, бұрғылаушылар, механиктер, темір мамандары бүгінде «Самұрық-Қазынаны» құрап отырған азаматтар.
Әр апта сайын #ҚорТұлғалары айдарында Топтың басты құндылығы жайлы айтып келеміз.




{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...