«Самұрық-Қазына» Қордың топ-менеджментіндегі әйелдердің үлесін 2030 жылға қарай 30%-ға дейін ұлғайтады
766
06 Қыркүйек 2024
«Әйелдер энергиясы» форумы Астанадағы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында өтті.
Іс-шараның құрметті спикерлері қатарында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова, сондай-ақ Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы кеңсесі басшысының м.а. Дина Амришева болды.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Салтанат Сәтжан сөз сөйлеп, бүгінде Қорда 68 мыңнан астам әйел жұмыс істейтінін атап өтті.
Топтың жоғары басшылығындағы әйелдердің үлесі 17%-ды құрайды, алдағы уақытта Қор бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 30%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Ол аталған көрсеткіштерге қол жеткізу тек гендерлік теңдікке ұмтылу ғана емес, пікірлердің қарама-қарсылығы мен сан алуандылығы, гендерліктен басқа, кәсіби, мәдени және т.б. көзқарастар қабылданатын ортаны құру бойынша ауқымды стратегияның бөлігі екенін айтты.

McKinsey & Company компаниясының 2017 жылғы зерттеулеріне сәйкес, топ-менеджменттегі әйелдердің үлесі жоғары компаниялардың нәтижесі де жоғары болады, деді Сәтжан.
Гендерлік теңдік мәселелері Қор басшылығының назарында. Портфельдік компанияларда жынысына байланысты еңбекақы төлеу жүйесінде айырмашылық жоқ, мансаптық сатыда алға жылжудың тең мүмкіндіктері ұсынылады.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...