Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен қазақ-неміс мектебі ашылады
771
16 Қыркүйек 2024
Бүгін Ақордада «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Германияның Федералдық Сыртқы істер министрлігі және «Возрождение» Қазақстандық немістер бірлестігі ҚҚ Астанада қазақ-неміс мектебін салу туралы меморандумға қол қойды.
Құжат ГФР канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапары аясында рәсімделді.
Меморандум бойынша Қор жобаны қаржыландыруды қамтамасыз етсе, Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі мектепке әдістемелік қолдау көрсетеді, ал Германияның Сыртқы істер министрлігі неміс тіліндегі оқу бағдарламасын әзірлеуге көмектеседі.
«Возрождение» бірлестігі жер телімін қамтамсыз етіп, жобаға бағыт-бағдар беріп отырады.
Мектеп Германия шетелдік мектептерінің жаһандық желісінің біріне айналып, 600 қазақстандық оқушыға неміс тілінде халықаралық білім береді.
Мектептің құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталып, 2026 жылы білім ордасы алғашқы оқушыларын қабылдайды деп жоспарланып отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Samruk Swim Team» құрамасын жүзуден турнир...
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...