Алматы Жылу электр орталықтарын газға ауыстыру: «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Алматы ЖЭО-2-дегі жөндеу жұмыстарын көрді
1561
24 Қыркүйек 2024
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Алматы ЖЭО-2-ні жаңарту жұмыстарының барысымен танысты.
Алматыға сапары аясында ол нысанды аралап, «Самұрық-Энерго» АҚ және «Алматы электр станциялары» АҚ басшыларымен жиналыс өткізді.
Алматы ЖЭО-2 қаланы электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Жақыпов жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, дайындық паспорттарын алу қажеттігін айтты.
Және де ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша жұмыстарды кешіктіруге болмайтынын ескертті.
Алматы ЖЭО-ларын жаңарту шығарылатын зиянды заттарды азайтуға, сондай-ақ энергиямен сенімді әрі тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
{{ $t('messages.news1') }}
Қордың қоғамдық кеңесінде «Қазақтелекомның» негізгі көрсеткіштері мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» қор басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен және ҚР...
{{ $t('messages.news1') }}
Семейде энергетикалық жобалардың іске асырылу барысы қаралды