Бизнеске арналған жасанды интеллект: NVIDIA Астанада шеберлік сабағын өткізді
1099
26 Қыркүйек 2024
Астанада жасанды интеллект бойынша және оны бизнесте қолдану туралы шеберлік сабағы өтті.
Оны NVIDIA компаниясының ТМД және Орталық Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық директоры Антон Джораев өткізді.
NVIDIA – бұл 3 трлн доллардан асатын капитализациясы бар, графикалық процессорларды әзірлеу және жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер саласындағы жетістіктерді ілгерілетумен айналысатын америкалық ірі компания.
Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қызметкерлері мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығы үшін арнайы ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетесек, қыркүйекте Қор мен ЦДИАӨМ басшылары АҚШ-қа сапары аясында NVIDIA өкілдерімен кездесіп, шеберлік сабағын ұйымдастыру туралы келіскен еді.
Қатысушылар әртүрлі салаларда жасанды интеллектіні енгізу мүмкіндіктерімен танысып, бизнестің тиімділігін және қаржы көрсеткіштерін арттыруға көмектесетін сәтті кейстерді талқылады.
Сонымен қатар, шеберлік сабағында жасанды интеллектіні қолданудың техникалық, заңды және этикалық тұстары талқыланды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілік
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыда еңбек ұжымдарындағы коммуникацияларға арналған форум өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мамандық таңдап, бо...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қолдауымен БҚО-да «ОzgeEpic Oral» креативті хабы ашыл...