«Самұрық-Қазына» басшысы Астанада инклюзияны қолдау кабинетін ашты
856
06 Қыркүйек 2024
Қор ұйымдастыруымен осы жылдың 1 маусымында қайырымдылық жүгіру ұйымдастырылып, шарадан 126,7 млн теңге жиналды. Бұл қаражатқа жаңа оқу жылында елорда мектептерінде 5 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.
Жиналған қаражатқа мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар, жиһаз бен материалдар сатып алынды және мамандар оқытылды.
№97 мектептегі осындай кабинеттердің біріне «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен арнайы барып, жұмысымен танысты.

Ерекше қажеттіліктері бар 150 бала енді өз қатарластарымен бірге орта мектептерде білім алуға мүмкіндік алды, деп атап өтті Н.Жақыпов.
«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды кешенді түрде қолдап келеді. Қазақстан өңірлерінде 42 оңалту орталығын, 10 спорт кешенін аштық. Бейімделген спорт секцияларына 1000-нан астам бала қатысады. Мүгедектігі бар жастарды цифрлық кәсіптерге оқытуды бастадық. Осылайша адамдарға туғанынан бастап көмек көрсетіп, олардың қоғамда әлеуметтенуіне барлық жағынан ықпал етеміз», - деді алғы сөзінде Нұрлан Жақыпов.
Сыныптар психолог, дефектолог, логопед, қыш шеберханасына аймақтары бар кабинеттен және емдік-денешынықтыру кабинетінен тұрады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...