«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Қытайда маңызды кездесулер өткізді
1240
18 Қазан 2024
2024 жылғы 14-17 қазан аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов бастаған делегация іссапармен Қытай Халық Республикасында болды.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Бейжіңде China Energy International Group ұйымының басқарма төрағасы Люй Цзэсянмен кездесті.
Тараптар энергетика саласындағы, соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобалар бойынша серіктестік мәселелерін талқылады.
2024 жылы 2 шілдеде Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің аясында Қор мен China Energy Overseas Investment (China Energy International Group-тың еншілес компаниясы) арасында жаңартылатын энергия көздері саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі кездесуде «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов пен China Energy Overseas Investment компаниясының басшысы Лин Сяодань жобаны бірлесе әзірлеу туралы келісімге қол қойды.
Аталған жоба аясында Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын және Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу көзделген.
China Energy International Group — көмір өндіру, жылу энергетикасы, жел энергетикасы, көмірді қайта өңдеу және су өнеркәсібі саласындағы әлемнің ірі компанияларының бірі.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Бейжіңде Sany Renewable Energy директорлар кеңесінің басшысы Чжоу Фугуймен кездесті.
Бұған дейін Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында SANY Renewable Energy ұйымымен жел электр станцияларының құрамдастарын (қанаттар, гондолалар, мұнаралар) өндіруді жергіліктендіру бойынша жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылған еді.
Тараптар атом энергетикасы саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады.
Қордың портфельдік компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» пен CGN 20 жыл бойы бірлесе жұмыс істеп, Қазақстандағы «Семізбай» және «Орталық» кен орындарын дамытуда.
Сонымен қатар, Қазақстан-Қытай «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауыты Қытайдың атом электр станцияларына арналған жылу бөлетін құрамалар (ЖБҚ) шығарады. ЖБҚ – ядролық реакторға арналған отын. Жоғары технологиялық өндіріс 2021 жылдың қарашасында іске қосылды.
Инновациялық өндірісті іске қосудың арқасында Қазақстан атом станцияларына арналған ядролық отынды өндіретін және жеткізетін мемлекеттер қатарында.
China General Nuclear Power Corporation (CGNPC) – атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін ҚХР-дың атом холдингісі.
«Самұрық-Қазына» және Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) басшылары ядролық энергетика саласындағы серіктестікті талқылады. Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайда CNNC директорлар кеңесінің төрағасы Юй Цзяньфэнмен келіссөздер жүргізді.
Сhina National Nuclear Corporation немесе СNNC – атом энергетикасы саласындағы толық ядролық отын цикліне қатысатын ірі энергетикалық холдинг. Қор құрамындағы «Қазатомөнеркәсіп» және CNNC табиғи уранды жеткізу саласында ұзақ уақыт бойы бірге жұмыс істеп келеді.
«Самұрық-Қазына» басшысы Бейжіңде Goldcard Smart Group басқарма төрағасы Ян Бинмен кездесті. Тараптар серіктестік мәселелерін, оның ішінде «ақылды» газ есептегіштерінің өндірісі жөнінде талқылады.
Goldcard Smart Group (Goldcard) - коммуналдық қызметтерді цифрландыруға арналған шешімдерді ұсынатын компания. Ол Қытайда газ, су және сутекті есепке алудың зияткерлік жүйелерімен айналысады.
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы ҚХР делегациясымен кездесті