ЕҚДБ басшысы ҚР Президентімен кездесуінде «Самұрық-Қазынаның» сатып алу рәсіміне оң баға берді
2870
31 Қазан 2024
31 қазанда Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысы өтті.
Мемлекет басшысымен кездесу барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо «Самұрық-Қазынаның» сатып алу рәсіміне оң баға беріп, кредит беруші компаниялар Қордың ережелері бойынша сатып алулар жүргізіп жатқанын, бұл «Самұрық-Қазынаның» сатып алу процестеріне деген сенім мен олардың ашықтығын көрсететінін атап өтті.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Шетелдік инвесторлар кеңесінің алаңында ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді.
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қордың портфельдік компанияларының энергетикалық, тау-кен, мұнай-газ және көлік жобаларына қатысады. Сондай-ақ ЕҚДБ Батыс Қазақстанның электр желісін елдің бірыңғай энергетикалық жүйесіне қосу жобасында шешуші рөл атқарады.
«Ынтымақтастық аясында біз бірқатар ірі жобаларды іске асыра отырып, әріптестігімізді табысты нығайттық», - деді Нұрлан Жақыпов Одиль Рено-Бассомен кездесуінде.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» басшысы АДБ нарықтық шешімдер жөніндегі вице-президенті Бхаргав Дасгуптамен іске асырылып жатқан жобалар бойынша ахуалды талқылады.
Азия даму банкі Қормен Самұрық-Энерго, KEGOC және ҚТЖ жобалары бойынша ынтымақтасады. АДБ «Самұрық-Қазынаның» еліміздің энергетикалық секторын декарбонизациялау жөніндегі күш-жігерін қолдауға әзір.
«Орнықты даму Қазақстанның да, «Самұрық-Қазынаның» да күн тәртібінде ерекше орын алады», - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.
Қордың Басқарма төрағасы ЕҚДБ және АДБ-мен ынтымақтастықта жобаларды іске асыруда Қордың сатып алу жүйесі жетекші халықаралық стандарттар мен практикаларға сәйкес деп танылғанына назар аудартты.
Халықаралық қаржы институттарының мойындауы жобаларды іске асырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ «Самұрық-Қазынаның» сатып алу рәсімдеріне деген сенімді білдіреді.
Шетелдік инвесторлар кеңесі – ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Кеңес 32 мүшеден және 7 бақылаушыдан тұрады, олардың арасында Total, Eni, CNPC, Wabtec, Solidcore, Citi, ЕҚДБ, АДБ сияқты «Самұрық-Қазынаның» серіктестері бар.
Кеңестің басты міндеті – Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялар туралы ҚР нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы ҚХР делегациясымен кездесті