COP-29 Климаттық конференция аясындағы Самұрық-Қазынаның «жасыл» бастамалары

COP-29 Климаттық конференция аясындағы Самұрық-Қазынаның «жасыл» бастамалары

2157

14 Қараша 2024

«Самұрық-Қазына» қорының басшылығы 11-13 қараша аралығында климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған COP-29 конференциясына қатысты.

Орнықты даму және «жасыл» экономикаға көшуге мүдделі әлемдік көшбасшылар мен ұйымдар Бакуде бас қосты.

Ауқымды конференция алаңында «Самұрық-Қазына» энергетика саласында бірқатар құжаттарға қол қойды. Атап айтқанда, Қордың басшысы Нұрлан Жақыпов Жамбыл облысындағы жел электр станциясы жобасына инвестиция салу туралы Қазақстан Республикасы үкіметі мен Abu Dhabi Future Energy Company PJSC (Masdar) арасындағы келісімге қол қою рәсімінде куәгер болды.

WhatsApp Image 2024-11-14 at 18.23.38.jpeg


«Самұрық-Қазына» өз портфельдік компаниясы – «Самұрық-Энерго» арқылы стратегиялық серіктес Masdar-мен ынтымақтасады. Тараптар қуаттылығы 1 ГВт және энергия сақтау жүйесі бар жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда.

Сонымен қатар «Самұрық-Энерго» мен China Energy Overseas Investment Co., Ltd. Қарағанды облысында 500 МВт қуаттылықтағы ЖЭС және Түркістан облысында 300 МВт қуаттылықтағы КЭС жобалары бойынша акционерлік келісімге қол қойды.

Сондай-ақ Бакуде Алят портында жүк терминалын салу жобасы бойынша міндетті келісімге қол қойылды. Ол «Самұрық-Қазына» мен Azerbaijan Investment Holding бірлескен инвестициялық қоры аясындағы алғашқы жоба.

WhatsApp Image 2024-11-14 at 18.22.50.jpeg


Терминал ТХКБ бағытын дамытудағы негізгі буындардың бірі болмақ және келесілерге ықпал етеді:

▪️ ТХКБ арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы контейнерлік пойыздар санын арттыру;

▪️ жеткізу мерзімін қысқарту;

▪️ тасымалдау құны мен қайта тиеу уақытын азайту.

Құжат «Кедентранссервис» АҚ, Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co (Сиань порты, ҚХР), Бакудың теңіз сауда порты және «SK-AIH Investment Fund» Ltd. бірлескен инвестициялық қоры қатысатын бірлескен кәсіпорын құруды қарастырады.