Инвестициялар мен даму үшін жаңа мүмкіндіктер: «Самұрық-Қазына» мажар компанияларымен серіктестікті нығайтуда
2511
21 Қараша 2024
Қазақстан Президентінің Мажарстанға сапары аясында «Самұрық-Қазына» Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылау үшін мажар компаниялары мен мемлекеттік ұйымдарының жетекші өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Будапештте Н. Жақыпов National Capital Holding (NTH) басшысы Бенце Катонамен кездесті. Тараптар инвестициялар және серіктестікті дамыту үшін бағыттарды айқындады.
NTH – мемлекеттік инвестициялық қорларды басқаруды үйлестіретін мажар мемлекеттік ұйымы.
Тағы бір маңызды кездесу Мажарстанның жетекші энергетикалық өнім берушісі MVM Group-пен ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.
Компания басшысы Карой Матраимен «Самұрық-Қазына» төрағасы газ саласы мен атом энергетикасындағы әлеуетті жобаларды талқылады. MVM Group «Пакш» АЭС басқарады және Мажарстандағы энергиямен жабдықтаудың негізгі инфрақұрылымына жауап береді.
Мұнай-газ саласы да талқылаудың маңызды тақырыбына айналды. Н. Жақыпов мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі талқылау үшін MOL Group атқарушы вице-президенті Джомбор Мартонмен кездесті.
Сондай-ақ Қор басшысы LAC Holding президенті және бас директоры Ласло Хорватпен келіссөздер жүргізді.
Сапар нәтижесінде бірқатар негізгі құжаттарға қол қойылды:
Бұл қадамдар Қазақстан мен Мажарстанның экономикалық байланыстарын нығайту стратегиясының маңызды бөлігі.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Huawei Technologies Kazakhstan...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынадағы» «HR-бренд 2025»: байқау жеңімпаздары анықталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Алматы халықаралық әуежайы» А...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы мен түркиялық серіктестер арасында үш жаңа келіс...