Халықаралық қаржы институттары «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесіне сенім білдірді
2253
03 Желтоқсан 2024
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) басшылығымен кездесті.
Тараптар серіктестік пен Топтың инвестициялық жобаларын қолдау мәселелерін талқылады.
«KEGOC» АҚ мен ЕҚҚДБ арасындағы кездесуде 141 млрд теңгеге дейінгі сомаға несиелік келісімге қол қойылды, соның ішінде Қазақстанның Даму Банкімен 32 млрд теңге сомасына келісім.
«Қаражат ұзындығы шамамен 600 шақырым 500 кВ электр желісі инфрақұрылымын салуға жұмсалады. Атырау-Ақтөбе тас жолының бойында Қарабатан-Өлке желісі және 500 кВ Қарабатан қосалқы станциясы салынады. Сондай-ақ Қарабатан (220 кВ) және Өлке (500 кВ) қосалқы станцияларындағы тарату құрылғыларын кеңейтуге жұмсалады. Бұл Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін елдің Бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Батыс аймақтың өткізу қабілеті 500 МВт-қа дейін артады», – деді құжатқа қол қою рәсімінде «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде:
- электрмен жабдықтаудың сенімділігі артады;
- электр энергиясы мен қуат теңгерімсіздігін өтеу үшін маневрлік генерация пайдаланылады;
- батыс аймақтардың энергетикалық қауіпсіздігі артады.
«Даму жөніндегі қаржы институттарымен келісімдерге қол қою Қордың сатып алу рәсімдерінің ашық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл оларды «KEGOC» АҚ жобасында қолдануға мүмкіндік берді», − деді Жақыпов.
Қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізген. Қаржы ұйымының басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу рәсімдеріне оң бағасын берді.
Оның айтуынша, несие беруші компаниялар сатып алу рәсімдерін Қордың ережелері бойынша жүзеге асырады, ал бұл «Самұрық-Қазына» тобының сатып алу рәсімдеріне және олардың ашықтығына деген сенімді білдіреді.
Еуропа қайта құру және даму банкі Қордың портфельдік компанияларының энергетика, тау-кен, мұнай-газ және көлік саласындағы жобаларына қатысады.
ЕҚҚДБ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобымен стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша тығыз серіктестікті жалғастырады.
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы ҚХР делегациясымен кездесті