«Самұрық-Қазына» Түркияның зілзаладан зардап шеккен аймағындағы мектеп құрылысына қаражат бөлді
1650
19 Желтоқсан 2024
19 желтоқсанда Газиантеп провинциясының Нұрдағы қаласында мектеп құрылысының салтанатты ашылуы өтті. Жобаны «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырды.
Нұрдағы – 2023 жылы 6 ақпандағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен қала. Қазақстандық мамандар дәл осы қаладағы құтқару жұмыстарына қатысқан еді.
Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасы мен 2024 жылғы 13 наурыздағы Үкімет Қаулысына сәйкес, Қор мен KazAID ұйымы арасында Түркия Республикасының жер сілкінісінен зардап шеккен аймағындағы мектеп құрылысына қаражат бөлу туралы келісім жасалды.
Қаулыға сәйкес, KazAID – тапсырыс беруші, «Integra Construction KZ» ЖШС – бас мердігер, ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ – құрылысты қадағалайтын инжинирингтік компания болып белгіленді.
Мектеп құрылысы үшін 2023 жылғы жер сілкінісінен аса зардап шеккен аймақ таңдалды.
19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев, Газиантеп провинциясының губернаторы Кемал Чебер, Түркия Республикасының СІМ мен Білім министрлігінің аймақтық өкілдері, сондай-ақ KazAID және «Integra Construction KZ» өкілдерінің қатысуымен құрылыстың салтанатты ашылу шарасы өтті.
Қазіргі уақытта қазба жұмыстары аяқталып, құрылыс алаңы жасақталуда.
Еске сала кетсек, 2023 жылы 6 ақпанда Түркияда 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Салдарынан 11 провинция мен көршілес Сирия зардап шегіп, 50 мыңнан астам адам мерт болды. Құтқару жұмыстарына 88 мемлекеттен, оның ішінде Қазақстаннан, 11 мыңға жуық маман қатысқан.
Оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға 1 миллион доллар көлемінде көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма берген еді. Отандастарымыз да қалыс қалмай, зардап шеккен аймақтарға белсенді көмектесті.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-да отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстарды...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Атамекен» ҰКП Президиумының т...
{{ $t('messages.news1') }}
Топ бойынша ОТӨ-ні қолдау: сатып алу көлемі бойынша жетекші компанияла...
{{ $t('messages.news1') }}
2022 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі 7 ...