Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Абу-Дабиде Тұрақты даму апталығы аясында ЕҚҚДБ басқарушы директоры Харри Бойд-Карпентермен кездесті
917
14 Қаңтар 2025
Тараптар серіктестік орнату мәселелерін талқылады. ЕҚҚДБ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобымен стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қордың портфельдік компанияларының энергетика, тау-кен, мұнай-газ және көлік саласындағы жобаларына қатысады. Сондай-ақ, қаржы институты Батыс Қазақстанның электр желісін елдің Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосу жобасында маңызды рөл атқарады.
2024 жылы желтоқсанда Қордың портфельдік компаниясы «KEGOC» пен ЕҚҚДБ «Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін Қазақстанның Біртұтас электр энергетикасы жүйесіне қосу. Электр желісі нысандарын салу» жобасына несие желісін ашу туралы келісімге қол қойды.
2024 жылы қазанда ЕҚҚДБ басшысы Одиль Рено-Бассо Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде «Самұрық-Қазынаның» сатып алу рәсімдеріне оң баға берген.
KEGOC «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының сатып алу ережелерін қолданады, бұл аталған келісімге қол қоюға мүмкіндік берді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілік
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыда еңбек ұжымдарындағы коммуникацияларға арналған форум өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мамандық таңдап, бо...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қолдауымен БҚО-да «ОzgeEpic Oral» креативті хабы ашыл...