«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындылар және жоспарлар

«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындылар және жоспарлар

603

13 Ақпан 2025

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша қорытынды кеңес өтті, онда өткен жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіру үшін басым бағыттар айқындалды.

Кеңеске Қор басшылығы мен Топтың портфельдік компанияларының басшылары қатысты.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобында 255,5 мың қызметкер еңбек етеді, оның ішінде өндірістік қызметке 237,8 мың адам жұмылдырылған. Кәсіпорындағы өндірістік қауіпсіздік қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қамтамасыз етуде ғана емес, бизнес-процестердің тұрақтылығы мен тиімділігінде шешуші рөл атқарады», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

WhatsApp Image 2025-02-13 at 18.24.01 (1).jpeg


Сондай-ақ ол Топ кәсіпорындарында жарақаттану фактісінің азаю серпіні жақсы екенін атап өтті. Мәселен, 2024 жылы жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 22%-ға азайған.

«Самұрық-Қазына» басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қордың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айта келе, 2025 жылға арналған жоспарларды баяндады.

Кеңес барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік қауіпсіздік саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін портфельдік компаниялар арасында атап өтілді.

Бұдан басқа, «QazaqGaz» АҚ Басқарма төрағасына Қор компанияларының тобы арасында өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне ат салысқан басшы ретінде грамота табыс етілді.