«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
30
21 Ақпан 2025
2025 жылғы 20 ақпандағы бұйрықпен «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді:
• Рысқұлов Айдар, «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі
• Ауғанов Ғибрат, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры
• Жәмішев Болат, «Bank RBK» Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
• Булавкина Ольга, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі
• Пономарев Сергей, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі
• Әбдиев Ерлан, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының жетекшісі
• Көшенов Еділ, Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің кеңесшісі
• Галиев Владислав, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің кеңесшісі
• Тәжібаева Ирина, ҚР Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институты директорының орынбасары, Ядролық технологиялар қауіпсіздігі орталығының атқарушы директоры
• Алдамберген Алина, «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма төрайымы
• Байділдинов Олжас, «Almex Polymer» ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшесі
• Сақуов Нұрлан, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының экономика жөніндегі орынбасары
• Жақытова Шолпан, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының спикері
• Қыдырбаев Досым, «Rakurs Consulting Group» ЖШС басқарушы серіктесі
• Білісбеков Асқар, «Byb Capital Ltd.» инвестициялық қорының тең негізін қалаушысы, құрылтайшысы, басқарушы серіктесі.
«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі – бұл азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, Қордың және Қор тобына кіретін ұлттық компаниялар қызметінің есептілігі мен ашықтығын арттыру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы алдыңғы құрамның өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайланды. Ол 15 қатысушыға дейін кеңейтілді, оның 13-і азаматтық қоғамның өкілдері.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...