Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өндіріс саласындағы 11 маманды марапаттады

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өндіріс саласындағы 11 маманды марапаттады

338

07 Наурыз 2025

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» Қорында арнайы отырыс өтіп, онда өндіріс саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға марапаттар табысталды. Алқалы жиынға жиналған жанжардың жиынтық еңбек өтілі - 353 жылды құрайды.


Олардың жиынтық еңбек өтілі - 353 жыл.

«Сіздердің өндірістік салаға қосқан үлестеріңіз зор. Біздің ұйымда осындай қайсар, мақсаты айқын, шабыт беретін жандардың болғаны – біз үшін үлкен мақтаныш», – деді Нұрлан Жақыпов.

«Еңбек Даңқы» III дәрежелі орденімен марапатталғандар: 

- Ботагөз Сәрсенова – «ҚТЖ» Ерейментау жол дистанциясының жол шебері;
- Нұрсұлу Құлшыбаева – «Өзенмұнайгаз» сорғы станциясының машинисті;
- Алмагүл Шермағанбетова – «Қазақтелеком» аға электр механигі;
- Салтанат Көшербаева – «Оңтүстік Инкай» кенішінің химиялық талдау зертханасының лаборанты;
- Замира Құрмашева – «KEGOC» «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» филиалының электр монтері.

«Самұрық-Қазына» қорының Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

- Татьяна Иванова – «Energy Solutions Center» ЖШС электр слесарі;
- Ляйля Омарова – «Тау-Кен Алтын» ЖШС сынамалық талдау лаборанты;
- Ұлболсын Қошқарова – «Қазпоштаның» Қостанай облыстық филиалының пошташысы;
- Надежда Кузова – «QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалының газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің технигі;
- Юлия Кинчиряк – «SSAP» ЖШС инженер-зертханашысы;
- Наталья Бауэр – «Қазпошта» Алматы поштамты филиалының байланыс операторы.


WhatsApp Image 2025-03-11 at 11.25.14 (1).jpeg