«Самұрық-Қазына» оңтайландыру жөніндегі тапсырма аясында еншілес компаниялардың бірін таратуды жоспарлап отыр – Жақыпов
62
14 Наурыз 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ-да Болат Жәмішевтің төрағалығымен Қордың Қоғамдық кеңесінің жаңартылған құрамдағы отырысы өтті. Жиынға Қор басшылығы, Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Шарада 2024 жыл бойынша Қор қызметінің қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлары талқыланды. Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың мәлімдеуінше, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту тапсырмасы аясында Басқарма Қор құрылымын әрі қарай оңтайландыру туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты Қордың еншілес ұйымы «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС-ін тарату туралы мәселені Қордың Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну жоспарланып отыр.
«Самұрық-Қазына» Қор тобындағы активтердің тиімділігі мен олардың құнын арттыру, сондай-ақ, бейіндік емес активтерден арылу бойынша жұмыстарды жалғастыруда», – деді Жақыпов.
Компанияны тарату қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ол Қордың былтыр атқарған жұмысының нәтижелері жайлы айтты. 2021-2024 жылдары «Самұрық-Қазынаның» орташа жылдық табысының өсімі 13%-ға жеткен. 2024 жылы Қор мемлекет пайдасына 1,354 трлн теңге төледі, бұл портфельдік компаниялардан түскен дивидендтер сомасынан 6 есе көп.
2024 жылы Топ ірі инвестициялық жобалардың құрылысын аяқтады, оның ішінде Екібастұз 1-МАЭС станциясының 1-энергетикалық блогын қалпына келтіру, Сианьдағы көлік-логистика терминалын іске қосу, Алматы энергетикалық кешені үшін газ инфрақұрылымын салуды аяқтау және басқа да жобалар бар.
2025 жылы тағы 7 жобаны іске қосу жоспралған. Мысалы, «Талдықорған-Үшарал» магистральді газ құбыры жоспарланған мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі. Ол 66 ауылды газбен қамтамасыз етеді. «Достық-Мойынты» теліміндегі екінші жолдардың құрылысы межелі мерзімінен бір жылдай бұрын аяқталады, нәтижесінде аталған бағыттың өткізу қабілеті 5 есе артады. Кендірлі ауылында су тұщыту зауыты іске қосылады және т.б.
2024 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған қосымша шаралар қарастырылды. Соның арқасында, ОТӨ-мен 1,1 трлн теңгеге келісімшарттар жасалды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 76%-ға көп. Сондай-ақ 191 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасалды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе көп.
«Самұрық-Қазынада» жасанды интеллект қолданылатын 15-тен астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Қор өндірістік нысандарда нейрондық оқыту, компьютерлік көру және IoT-датчиктерді қолданысқа енгізуде.
«Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы (Қор тобындағы ғылыми жобаларды қолдау бойынша бірыңғай оператор) 6,6 млрд теңгеге 25 жобаны іріктеді. 2025 жылдың соңына дейін 2,7 млрд теңгеге 4 жобаны аяқтау жоспарланған. Бұл жобалардың 5 жылдағы экономикалық тиімділігі - 196 млрд теңге.
Отырысқа қатысушылар көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарды қойды. Қор жұмысының тиімділігін арттыру, сатып алулардың ашықтығы және бизнесті қолдау шаралары Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылардың назарындағы басты мәселелер болды.
{{ $t('messages.news1') }}
Су тасқынының алдын алу: Шүлбі ГЭС-те жаттығу өткізілді
{{ $t('messages.news1') }}
Шағын және орта бизнес өкілдері Skstore.kz платформасында өз қызметтер...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» сарапшылары «Самұрық-Энерго» кәсіпорындарында өндіріс...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өндіріс...