«Самұрық-Қазына» 15-ші инклюзия кабинетін ашты
1669
17 Наурыз 2025
Астанада ерекше балаларға арналған жаңа инклюзия кабинеті ашылды.
Қазіргі уақытта мұндай кабинеттердің 11-і елордада, ал 4-і Ақмола облысында жұмыс істеп тұр.
Бұл жоба ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алып, дамуға мүмкіндік береді. Бастаманың арқасында елордада 500-ден астам бала (осындай оқуға мұқтаж балалардың шамамен 16%-ы) инклюзивті білім алуда.
Былтыр Топтың қайырымдылық марафонында жиналған қаражат сыныптарды жабдықтауға жұмсалды. 2025 жылы 3 мамырда кезекті марафон өтеді және жиналған қаражат жаңа кабинеттерді ашуға жұмсалады.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» басшысы Қордың Қоғамдық кеңесінің отырысында Топтың инклюзияны қолдау бойынша жұмыстарды нығайтуға және 15-ші кабинетті ашуға ниетті екенін айтқан еді.
Сондай-ақ, Қордың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында мүгедектігі бар адамдарды еншілес компаниялар мен өңірлік бөлімшелерге жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...