AtomSkills-2025: «Самұрық-Қазына» қызметкерлері халықаралық чемпионатқа қатысады
300
25 Наурыз 2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл - ел дамуының негізі саналатын білікті мамандардың маңызын көрсетеді.
«7 Qadam Master» бағдарламасы жұмысшы мамандықтары бойынша қызметкерлердің қолданбалы дағдыларын дамытуға бағытталған. Іріктеу жеті негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Олар: электроника, электр монтажы, аналитикалық бақылау, дәнекерлеу технологиялары, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және арнайы көлік жүргізушісі.
2025 жылы 26 наурызда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының жеті қызметкерінен тұратын алғашқы команда AtomSkills-2025 чемпионатына қатысу үшін Екатеринбург қаласына аттанады. Бұл - атом өнеркәсібіндегі кәсіби дағдыларды дамытуға арналған ірі алаң. Чемпионат әртүрлі елдерден келген мамандардың басын қосып, озық технологияларды енгізуге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және халықаралық серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.
«7 Qadam Master» бағдарламасы кәсіби өсуге, біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға жаңа мүмкіндіктер береді. AtomSkills-2025 чемпионатына қатысу – бұл шеберліктің жаңа деңгейімен қатар, әлемдік кәсіби қауымдастыққа қатысудағы маңызды қадам.
{{ $t('messages.news1') }}
AlmatyFair.ai: «Самұрық-Қазына» жасанды интеллект көмегімен 15-тен аст...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобында Наурызнамның онкүндігі өтті
{{ $t('messages.news1') }}
OrleTECH 3.0: Ерекше қажеттіліктері бар 80 жас маман цифрлық мамандықт...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Италияның Maire Tecnimont инжи...