«Самұрық-Қазына» тобында Наурызнамның онкүндігі өтті

«Самұрық-Қазына» тобында Наурызнамның онкүндігі өтті

283

23 Наурыз 2025

Наурыз - жаңа жылдың басталуын және дәстүрлі құндылықтардың нығаюын бейнелейтін көктем мерекесі, жаңару мен бірлік мерекесі. Қазақстанда оның орны ерекше, ол ұрпақтар арасын жалғастырады және бір-біріне көмек көрсету, тату көршілер қарым-қатынасы мен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды екенін білдіреді.

Наурызнаманы 255 мың адамнан тұратын «Самұрық-Қазына» АҚ тобы айрықша атап өтті. Мегаполистер мен өңірлерде, филиалдар мен кәсіпорындарда қайырымдылықты қолдауға, инклюзивті бағдарламаларды дамытуға, мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтті.

WhatsApp Image 2025-03-26 at 11.11.09.jpeg


Жұмыскерлер Ұлттық киімдер киіп, қайырымдылық жасап, салт-дәстүрден көріністер көрсетті.
Наурызға арналған салтанатты іс-шара барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов: «Наурыз көктемнің келуін ғана емес, ұлттық дәстүрлердің жаңаруын, бірлігі мен нығаюын білдіреді. Наурыз айының онкүндігі қарсаңында біз бірқатар әлеуметтік бастамаларды іске асырдық: Астанада ерекше балаларға арналған жаңа инклюзия кабинеті ашылды, Ақмола облысында спорт кешені іске қосылды, сондай-ақ қайырымдылық акциялары өтті. Топ бойынша барлығы 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды», - деді.

Самұрық-Қазына компаниялары тобы экологиялық жобаларға ерекше назар аударады. Еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «ТазаҚазақстан» акциясы аясында 250-ден астам ағаш егілді (барлығы 2024 жылы - 113 мыңнан астам, 2025 жылы тағы 138 мың көшет егу жоспарланған). Жаңару күні 10 000-нан астам компаниялар тобының жұмыскерлері қатысқан ауқымды ұжымдық сенбілік өтті.

WhatsApp Image 2025-03-26 at 11.11.10 (2).jpeg


Портфельдік компаниялардың жұмыскерлері мерекені барынша шығармашылықпен ұйымдастырды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ел бойынша этноауылдарды ұйымдастырды және қызметкерлер балалар үйлері мен қарттар үйлеріне барды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ шеберлік сыныптарын, дәстүрлі беташар рәсімін, «QG Games: Nauryz» спорттық-зияткерлік турнирін және басқа да іс-шараларды өткізді.

«Самұрық-Энерго» мен Kegoc ұжымға арнап түрлі конкурстар, челендждер, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды, азық-түлік себеттерімен балалар үйлеріне/қарттар үйлеріне бару және киіз үйлерді орнату сияқты бірқатар іс-шаралар өткізді.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ ұлттық спорт жарыстары мен қайырымдылыққа назар аударды. «ШалқияЦинк» АҚ еңбегі сіңген жұмыскердің отбасында болып, аға буынға құрмет көрсетті, Жаңақорған кентінде киіз үй орнатты.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кешенді қайырымдылық, экологиялық және мәдени іс-шараларды ұйымдастырды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық киімдер конкурсы мен дәстүрлі асық ату ойынынан жарыс өткізді, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету акциясын ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2025-03-26 at 11.11.10.jpeg


Наурыз көктем мерекесі ғана емес, сонымен бірге ұлттық бірліктің, өзара көмек пен болашаққа ұмтылыстың символы, ал бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тек қайырымдылық акцияларымен ғана емес, сонымен қатар әділ және үйлесімді қоғам құруға бағытталған жүйелі жұмыстармен де байланысты.