OrleTECH 3.0: Ерекше қажеттіліктері бар 80 жас маман цифрлық мамандықтарды меңгеріп, жұмыс тапты
1537
23 Наурыз 2025
OrleTECH 3.0 жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ, Shell және «IteachMe» қоры бірлесіп жүзеге асыруда.
Былтыр ерекше қажеттіліктері бар 120 адам цифрлық мамандықтар бойынша оқуды сәтті аяқтады. Олардың 80-і жұмысқа орналасты, қалған 40 түлек үшін қолайлы жұмыс орындары қарастырылып жатыр.
Қазіргі уақытта бағдарлама түлектері нарыққа бейімделіп, экономиканың әртүрлі салаларында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істеп жатыр.

Мысалы, Степан Патрашков – жетекші жаңалықтар порталдарының бірінде SMM маманы болып жұмыс істейді. Ал Татьяна Гейзер дизайнер-беттеуші жұмысының қыр-сырын үйренуде. Берік Байжанов, Ольга Лаас, Диана Үсентаева және Эдуард Сучков ірі халықаралық компания (такси қызметі) қолдауымен жүзеге асырылатын «Қаржылық қауіпсіздік» жобасында еңбек етуде.
Жоба түлектері оқу сұранысқа ие цифрлық мамандықтарды меңгерумен қатар, өзін-өзі дамыту үшін де маңызды қадам болды дейді. Бағдарлама олардың өз күшіне сенуіне көмектесті, ал жаңа дағдылар жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыра түсті.
{{ $t('messages.news1') }}
Ауылдағы спорт: «Самұрық-Қазына» 17-ші спорт кешенін ашты
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Кореяның GS E&C компаниясының ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ «Үздік инновациялық компания - 2025» байқауының қо...
{{ $t('messages.news1') }}
PwC «Самұрық-Қазына» мен портфельдік компаниялардың қызметкерлері үшін...