AlmatyFair.ai: «Самұрық-Қазына» жасанды интеллект көмегімен 15-тен астам жобаны жүзеге асырып жатыр

AlmatyFair.ai: «Самұрық-Қазына» жасанды интеллект көмегімен 15-тен астам жобаны жүзеге асырып жатыр

184

31 Наурыз 2025

Алматыда IT-компаниялар, стартаптар мен AI саласындағы сарапшылардың қатысуымен жасанды интеллект бойынша AlmatyFair.ai көрмесі өтті.

Шара барысында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстан және Өзбекстан президенттеріне Қор тобындағы ЖИ жобалары туралы айтты.

Қазіргі уақытта ЖИ қолданылатын 15-тен астам жоба жүзеге асырылуда. 2025 жылы іске қосылатын жобалардың негізгілері:


• Кен орындарының цифрлық сыңарлары;
• Өндірістік нысандарды уақтылы жөндеуге арналған болжамды аналитика;
• Энергия тұтынуды жетелі бөлу және желілердегі тепе-теңдікті сақтау;
• Жарақаттану деңгейін төмендететін автоматтандырылған интеллектуалды қауіпсіздік жүйелері;
• Көмір сапасын анықтап, логистиканы оңтайландыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйелер.

Сондай-ақ, Жақыпов Қорда өндірістік және корпоративтік тапсырмаларды орындау үшін виртуалды ассистенттер қолданылатынын айтты.

«Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниясы – ҚТЖ өндіріс барысында ішкі нейрожүйе қалай қолданылатынын көрсетті. Жүйе теміржолшылар пайдаланатын 5 мыңнан астам нормативтік-техникалық құжатты өңдеп, теміржолдағы қауіпсіздікті арттыру және қызметті жақсарту үшін оңтайлы шешімдер ұсынады.

WhatsApp Image 2025-03-31 at 10.05.58 (1).jpeg



Өз кезегінде, «Қазақтелеком» басшысы пилотсыз басқарылатын көлікке арналған өнеркәсіптік Private 5G желісі туралы айтты. Ол тау-кен өндірісінде пилотсыз карьерлік жүк түсіретін көліктерді басқару үшін қолданылады. Сондай-ақ, мектептердегі i-Mektep бейне аналитика жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе ғимараттағы адамдардың мінез-құлқын талдап, қауіпті немесе қаруланған адамдарды анықтауға, оқушылар мен мұғалімдердің келуін тіркеуге мүмкіндік береді.