Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқатар құжатқа қол қойды
46
07 Қараша 2025
Қол қойылған негізгі құжаттардың бірі – «Air Astana» АҚ мен Boeing компаниясы арасындағы Boeing 787-9 Dreamliner үлгісіндегі 18 заманауи ұшақты жеткізуді көздейтін меморандум. Екі ұшақ келесі жылы әуе паркіне қосылады, тағы біреуі 2027 жылы, ал қалғандары 2032 жылдан бастап жеткізіледі. Бұл ұлттық әуетасымалдаушының флотын жаңартуға және Астана – Нью-Йорк, Алматы – Нью-Йорк бағыттарында тікелей трансатлантикалық рейстерді іске қосуға мүмкіндік береді.
«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық компаниясы мен америкалық Cove Capital инвестициялық компаниясы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойды. Инвестиция көлемі шамамен 1,1 млрд АҚШ долларын құрайды.
«Самұрық-Қазына» АҚ және Ashmore инвестициялық компаниясы өзінің еншілес ұйымы Ashmore Healthcare International арқылы Қазақстанда батыс үлгісіндегі брендттелген алғашқы көпсалалы клиниканы құру жоспары туралы уағдаласты. Бұл клиника Орталық Азияның медициналық хабы болмақ. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 150 млн АҚШ долларын құрайды. Қазақстандағы госпиталь Ashmore компаниясының жаһандық клиникалық серіктестерінің бірімен бірлесіп жұмыс істемек. Бұл - өңірдің денсаулық сақтау саласында озық медициналық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді қолдануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Citibank (қаржыландыруды үйлестіруші) арасында 10 жыл мерзімге шамамен 1,6 млрд АҚШ долларын тарту туралы мандаттық келісімге қол қойылды. Қаражат КТЖ-ның локомотив паркiн жаңартуға бағытталады. Стратегиялық мәмілеге АҚШ Экспорт-импорт банкі (US EXIM) қолдау көрсетіп, кепілгер ретінде әрекет етеді. Ал Wabtec компаниясы локомотивтерді 2038 жылға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Wabtec компаниясы теміржол саласының мамандарын даярлау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжаттарға қол қою Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Air Astana паркі заманауи 18 Boeing ұшағымен толықтырылмақ
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Ashmore компаниялары Қазақстанда әлемдік деңгейд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшылығы ҚР Президенті бастаған ресми делегация құра...