Нұрлан Жақыпов Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Гарри Бойд-Карпентермен кездесті
2721
31 Наурыз 2025
Тараптар серіктестіктің негізгі бағыттарын талқылады. Еуропалық қайта құру және даму банкі Қордың энергетика, тау-кен-металлургия кешені, мұнай-газ және логистика салаларындағы ірі жобаларына қатысады. Сондай-ақ, банк Батыс Қазақстан электр желісін елдің Бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне қосу жобасында маңызды рөл атқарады.
«Еуропалық қайта құру және даму банкі – бұрыннан бергі серіктесіміз, және біз түрлі салаларда бірлесіп табысты жұмыс істеп келеміз», – деді Жақыпов.
Қаржы ұйымы Қормен бірлесіп, сатып алу жүйесін әрі қарай жетілдіру үшін халықаралық тәжірибелерді зерттеуді жалғастырады.
Еске салсақ, 2024 жылы қазанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Одиль Рено-Бассо Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде «Самұрық-Қазынаның» сатып алу рәсіміне оң бағасын берген.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...