Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық 4 жобаның экономикалық тиімділігі 5 жылда 196 млрд теңге болады
1569
11 Сәуір 2025
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» қорында ғылыми-техникалық қызмет мәселелеріне арналған жиын өтті.
Оған «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компания басшылары, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының өкілдері қатысты.
2024 жылы «Самұрық-Қазынада» қор компанияларына инновациялар мен технологиялық шешімдерді енгізуді жылдам жүргізу мақсатында жаңа ғылыми-техникалық саясат қабылданды.
Компаниялар тобы ғылыми жобаларды қаржыландыруға 11,9 млрд теңге бөлген. 2024 жылдың соңына қарай бұл бағытта 4 шарт жасалып, олар биыл аяқталуы тиіс. Тағы 20 жоба мақұлданған.
Болжам бойынша, 2,8 млрд теңгеге жүзеге асырылып жатқан 4 жобаның тиімділігі алдағы 5 жылда 196 млрд теңгені құрайды, бұл олардың құнынан 70 есе артық.
Солардың бірі – «Қаражанбасмұнай» АҚ жер қойнауын экологиялық әрі қауіпсіз зерттеу жобасы.
Жарылмайтын импульстік электромагниттік көздерді пайдалану жағажайлар сияқты экологиялық сезімтал және күрделі аймақтарда сейсмикалық барлауды жарылғыш заттарсыз тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Импульсті сейсмикалық барлау жобасы мұнайдың қосымша қорын анықтауға, «Қаражанбасмұнай» кен орнының ресурстық базасын 2 млн тонна мұнайға арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде табыс 5 жылда 187,8 млрд теңгеге өседі деп болжанып отыр.
Елімізде 12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күні болып бекітілген.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкіле...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Wabtec компаниясының президенті әрі бас атқ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Air Liquide компаниялары тобын...