Алматыда еңбек ұжымдарындағы коммуникацияларға арналған форум өтті
2284
18 Сәуір 2025
Оған «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы, еншілес компания өкілдері, кәсіподақ жетекшілері, омбудсмендер мен Топ сатып алушыларынан тұратын 120-дан астам адам қатысты. Форумда ұжымда өзін кәсіби тұрғыда дұрыс ұстау принциптері қаралды. Жиынның тағы бір бөлімі Қордың сатып алу қызметіне арналды.
Қатысушыларға «Самұрық-Қазына» қорының тауар және қызмет сапасын қамтамасыз етуге бағытталған шаралары таныстырылды. Одан бөлек, басқосуда skstore.kz электрондық дүкені арқылы сатып алу қарқыны артқаны айтылды. Ол арқылы нақты марка мен үлгідегі тауарды 1 күн ішінде сатып алуға болады.
Қор, сондай-ақ сатып алудың шекті сомасын 5 есеге – 15-тен 79 млн теңгеге дейін арттырды. Осылайша, Тапсырыс берушінің қалауымен, тендер немесе бағаға қатысты ұсыныстарды саудасыз төмендету мүмкіндігі қарастырылған.
Сол сияқты, тендерлерде төмендетусіз демпинг шектері және т.б. белгіленген. Бұған қоса жиында отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған 15 негізгі шара қаралды.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Зимбабвенің әл-ауқат қорының инвестициялар жөніндегі ди...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы Оман Сұлтанының Қазақстанға сапары аясында бірқа...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада алғашқы Қазақстан–Оман бизнес-форумы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...