Жасанды интеллект көмегімен мұнайды қалай өндіреді
2062
24 Сәуір 2025
ABAI (Advanced Base and Artificial Intelligence) — бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері ойлап тапқан отандық ақпараттық жүйе. Ол мұнайды барлау және өндіру процесстерін дәл, жылдам және қауіпсіз ету үшін әзірленген.
Жүйе жасанды интеллект пен Big Data технологияларының негізінде құрылған. Ол бағдарламалық, техникалық және аппараттық қамтамасыз етуді біріктіріп, кен орнының «цифрлық миы» ретінде жұмыс істейді.
ABAI арқылы инженерлер датчик, SCADA жүйесі мен басқа жабдықтардан алынған деректерді нақты уақыт режимінде талдай алады. Бұл жүйенің дәл болжамдары мен ұсыныстарын негізге ала отырып, шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

ABAI құрамына 7 модуль кіреді, олардың әрқайсысы өндірістік процесстердің жеке аймағына жауап береді. Оның ішінде құбыр жұмысынан бастап, жөндеуді жоспарлау мен жабдықты таңдау процесстері де бар.
Сондай негізгі модульдердің бірі — «Кен орнына су айдауды басқару».
Кен орнына су айдау — бұл мұнай өндірісін ұлғайту үшін, пластқа су айдау технологиясы. Бұл процесс нақты есептеулер мен тұрақты бақылауды талап етеді. Бұған дейін су айдау шарасын дайындауға 40 сағатқа дейін уақыт кеткен.
«Кен орнына су айдауды басқару» модулін қолданысқа енгізгеннен кейін жағдай түбегейлі өзгерді:
Енді — автоматтандырылған талдау мен жасанды интеллекттің ұсыныстарының арқасында дайындық үшін бар-жоғы 2 сағат қажет.
Бүгінгі күндегі қаржылық тиімділік — 450 миллион теңге үнемделді.
2030 жылға қарай болжанған пайда — 9,3 миллиард теңге.
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Газ саласы дамуда: QazaqGaz нәтижелері мен жобалары туралы есеп берді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы АҚШ-та C5+1 бизнес-конференциясында сөз сөйле...