Kazakhstan Finance Day: Нью-Йоркте Қазақстанға инвестиция тарту мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті
69
29 Сәуір 2025
Іс-шараның мақсаты - халықаралық инвесторлар мен әлеуетті бизнес-серіктестерге Қазақстандағы бірлескен жоба, инновациялар мен технологияларды дамыту мүмкіндіктерімен таныстыру.
Оған Citigroup, Franklin Templeton, Blackstone, JP Morgan, Temasek , MasterCard, Cerberus Capital Management және басқа да әлемдік қаржы нарығының негізгі ойыншылары, инвесторлар мен қорлар қатысты.
Қатысушыларға Қазақстанның экономикалық даму барысы, оның әлеуеті мен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жайлы «Самұрық-Қазына», Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Байтерек» холдингінің басшылығы таныстырды.
Дөңгелек үстел барысында Қор қызметі туралы ақпарат берілді. «Самұрық-Қазына» АҚ басқаруындағы активтер көлемі бойынша топ-25 тәуелсіз қор қатарына кіреді. 2024 жылы EBITDA 10,5 миллиард АҚШ долларын құрады, ал таза пайда 5 миллиард АҚШ долларынан асты, деді Нұрлан Жақыпов. «Самұрық-Қазына» басқаруындағы еншілес компаниялар мұнай-газ, көлік және логистика, байланыс, тау-кен өнеркәсібі, энергетика және химия өнеркәсібі сынды стратегиялық маңызды салаларда жұмыс істейді. Іс-шарада Топтың еншілес компанияларының IPO және SPO нәтижелері де талқыланды.
Осылайша, қор басшысы акциялары биржада сатылатын «Қазатомпром» және «Эйр Астана» ҰАК туралы, сондай-ақ биыл қолайлы нарықтық конъюнктура жағдайында IPO-ға шығару жоспарланып отырған «Қазақстан темір жолы» әлеуеті жайлы айтып берді.
Негізгі мақсаттардың бірі - басқарудағы активтер құнын арттырып, тікелей шетелдік инвестиция тарту жұмысын жалғастыру, деп атап өтті Жақыпов.
Дөңгелек үстел Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігімен бірлесіп, Citi-дің қолдауымен ұйымдастырылды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» еңбек қауіпсіздігі - басты бағыттардың бірі
{{ $t('messages.news1') }}
Жасанды интеллект көмегімен мұнайды қалай өндіреді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның негізгі инвестициялық үйлестірушісі
{{ $t('messages.news1') }}
«Қаражанбасмұнай» жер қойнауын қауіпсіз әрі экологиялық барлау жобасын...