Charity Samruk Marathon: Балаларға арналған инклюзия кабинеттеріне 200 миллион теңгеге жуық қаржы жиналды
50
03 Мамыр 2025
Астанадағы Ботаникалық саябақта, үшінші жыл сайынғы Charity Samruk Marathon — «Самұрық-Қазына» қорының бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды қайырымдылық шарасы өтті.
Биылғы жылы марафон қатысушылар саны жөнінен рекорд орнатып, елімізде инклюзивті білім беруді дамыту бағытында маңызды рөл атқарды.
Марафонда 200 миллион теңгеге жуық жинады, бұл қаражат дамуында ерекшелігі бар балаларға арналған инклюзивті кабинеттерді ашуға жұмсалады. Кабинеттерде логопед, дефектолог, психолог мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ шеберханалар мен ЛФК залдары бар. Олар балалардың толыққанды дамуы мен білім алуы үшін, барлық қажетті құралдармен жабдықталған.
«Бүгін біз қайырымдылық мақсатта күш біріктіріп отырмыз, яғни ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті кабинеттер ашуға қаржы жинаймыз. Өткен жылы марафонға 1200 адам қатысса, биыл 3000 қатысушы бар. Мұнда тек «Самұрық-Қазына» компанияларының қызметкерлері ғана емес, қала тұрғындары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, ұстаздар, спортшылар және біздің серіктестеріміз де бар. Сіздердің және 50-ден астам серіктестің қолдауының арқасында біз 200 миллион теңгеге жуық жинадық!», — деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Жобаны қолдаушылар арасында: NCOC, Cameco, KPMG, Bilim Foundation және басқа да серіктестер бар.
Жарыс 5 және 10 км - екі қашықтық бойынша өтті. Сонымен қатар балаларға арналған «Мейірімділік мекені» аймақтары ұйымдастырылып, онда шеберлік сыныптары мен ойындар өтті.
Осылайша қатысушылар достық ниетте белгіленген қашықтықты жүгіріп өтіп, жарыс жеңімпаздары естелік грамоталары мен медальдармен марапатталды.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Топтың қайырымдылық марафонында 127 миллион теңге қаражат жиналған еді. Нәтижесінде, 500-ден астам дамуында ерекшелігі бар бала инклюзивті кабинеттерде оқу мүмкіндігін алды. Жалпы, қор жыл сайын 700 000-нан астам азаматқа көмек көрсетеді.
{{ $t('messages.news1') }}
Екібастұз ЖЭО: 2024–2025 жылу беру маусымының нәтижелері мен тиімділік...
{{ $t('messages.news1') }}
Kazakhstan Finance Day: Нью-Йоркте Қазақстанға инвестиция тарту мәселе...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» еңбек қауіпсіздігі - басты бағыттардың бірі
{{ $t('messages.news1') }}
Жасанды интеллект көмегімен мұнайды қалай өндіреді