Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы мен Вьетнам Коммунистік партиясының Бас хатшысының кездесуі өтті
2167
07 Мамыр 2025
Оған Қордың еншілес компанияларының топ-менеджменті – «ҚТЖ» басшысы, «Қазатомпром» мен «ҚазМұнайГаз» басшыларының орынбасарлары қатысты.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов Sovico Group-пен серіктестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, Qazaq Air-ді жекешелендіру бойынша аяқталған мәміленің мәніне тоқталды.

Ол Sovico Group пен VietJet Air-дің Qazaq Air компаниясын жаңа VietJet Qazaqstan брендімен басқару және операциялық қызметке қатысуын жоғары бағалайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» басшысы мұнай-газ саласында (оның ішінде Вьетнамның PetroVietnam компаниясымен), көлік және логистика, атом өнеркәсібі және басқа да салаларда серіктестікті кеңейтуге әлеует бар екенін мәлімдеді.

Вьетнам — Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 860 миллион АҚШ долларына жетті.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...