«Самұрық-Қазына» және ADCB Қазақстан басшылығы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады
1236
13 Мамыр 2025
Астанада «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Abu Dhabi Commercial Bank» аға банкирі, ADCB Islamic (Қазақстан) директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Абдулрахман әл-Марзукидің кездесуі өтті.

Тараптар мұнай-химия, мұнай-газ саласы, көлік және логистика салаларындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыруға қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кеше Акордада Абу-Даби Тақ мұрагерінің Қазақстанға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Нұрлан Жақыпов пен Фарух Абдулрахман әл-Марзуки өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжат Қор мен ADCB арасындағы жобаларды қаржыландыру саласындағы негізгі ынтымақтастық бағыттарын айқындайды.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...