«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Францияның Alstom машина құрастыру компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Эндрю Делеонемен кездесті
1205
20 Мамыр 2025
Тараптар серіктестік мәселелерін талқылады. Alstom 2012 жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында Қазақстанда локомотив шығаратын зауыт ашқан.
«Самұрық-Қазына» үшін Alstom жай ғана өндіруші емес, Қазақстандағы жергілікті құзыреттерді дамытуға үлес қосатын серіктесі. Кездесу барысында Жақыпов Alstom-мен серіктестік Орталық Азиядағы көлік машина құрастыру саласында Қазақстанның орнын нығайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Зауыт KZ8A, AZ8A сериялы магистральді жүк электровоздарын және KZ4AT сериялы жолаушылар электровоздарын шығарады.
Қордың сатып алу жүйесі «ҚТЖ» ұйымына зауыт өнімдерінің кепілдендірілген көлемін сатып алуға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде өндірістегі локализация деңгейін жоба басындағы шамамен 10%-дан 35%-ға дейін арттыруға ықпал етті.
Alstom (Франция) – теміржол көлігі саласындағы жаһандық жетекші өндірушілердің бірі.
{{ $t('messages.news1') }}
Қордың қоғамдық кеңесінде «Қазақтелекомның» негізгі көрсеткіштері мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» қор басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен және ҚР...
{{ $t('messages.news1') }}
Семейде энергетикалық жобалардың іске асырылу барысы қаралды