«Самұрық-Қазынаның» Қоғамдық кеңесінде қордың портфельдік компаниясы – KEGOC 2024 жылдағы қызметі туралы есеп беріп, 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті
1211
23 Мамыр 2025
23 мамыр Астанада «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің отырысында KEGOC 2024 жылдың қорытындыларын ұсынды.
Ұлттық электр желісі арқылы берілген және пайдаланылған электр энергиясының көлемі 93,9 млрд кВт·сағатты құрады – бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғары.
Таза табыс 59,5 млрд теңгеге жетті, яғни 37,1%-ға өсті.
2025 жылы компанияда табыс көлемі тағы 11%-ға артады деп күтіледі.
Жаңғырту аясында KEGOC күштік автотрансформаторларды ауыстыруға 22,8 млрд теңге құяды. Бұл қуатты арттыруға және халықты сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2029 жылдың соңына дейін 18 нысандағы күштік автотрансформаторларды жаңарту және ауыстыру нәтижесінде жалпы қуат 1 837 МВА-ға артуы тиіс.
Ағымдағы жобалар:
Оңтүстік аймақ торабының қуатын күшейту: ұзындығы 475 км болатын 500 кВ желілерін салу арқылы «Солтүстік–Оңтүстік» транзитінің өткізу қабілеті 440 МВт-қа артады.
Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Біртұтас электр энергетикасы жүйесімен (БЭЖ) біріктіру: 500 кВ (604 км) желі мен қосалқы станциялардың құрылысы батыс өңірлерді энергиямен жабдықтау қауіпсіздігін арттырып, елдің энергетикалық торабын құруға негіз болады.
Екі жоба да 2027 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...